Асыл сөзді ардақтай білетін, жүйелі сөздің жүйесін, көркем сөздің қасиетін ұғынатын тыңдармандарға арнап Қазақ радиосы "Терме, толғау" бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаның мақсаты- қазақтың киелі қара сөзінің қадір - қасиетін тыңдарман қауымның жүрек түпкіріне жеткізу.

"Терме, толғау" бағдарламасының кезекті қонағы - Республикалық жыршы, термешілер байқауларының лауреаты, Қабылиса Асанұлы атындағы І-Республикалық «Жыр атасы-Қабан жырау» жыршылар байқауының бас жүлдегері, Астана қаласы әкімдігіне қарасты Мемлекеттік Академияляқ филормониясының "Халық әні" бөлімінің әнші, жыршысы, Сыр саңлақтарының ізбасары Айнұр Жұмаханқызы.

"Терме, толғау" бүгін сағат 14:25-те Қазақ радиосының тікелей эфирінде өтеді. Эфир барысында 757275 байланыс нөміріне хабарласып кейіпкерге сұрақ қоюға болады. Астана қаласының коды 7172.