«Нұр ағаңның менің құрметіме «Куә бол» әнінен бөлек «Ақ құсым» әні мен «Көңілді бикеш» атты оркестрлік күйі бар» - дейді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, киноактриса, Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендікеліні Қазақ радиосы «Армандастар» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Мен қатты ауырып, емханада жатқанымда Нұр ағаң, Бәкір Тәжібаев және Роза апамның күйеуі Сатыбалды ағайым маған келді. Содан, мен терезені ашып қарағанымда Нұрағаң маған: «Дақ» - деп айғайлағанға Бәкір ағамыз: «Ойбой, мынау Ақ құс ғой» деді. Сол жерде Бәкір ағамыз «Ақ құс» деген өлең жазды. Ал, негізі ән бұрын туған. Сол ән туды деп, Бәкірді қасына ертіп келген ғой. Сөйтіп, осы ән дүниеге келді».