Ғалымдардың айтуынша, адам миының мүмкіншілігі шексіз. Адамдар арасында тез санайтындар, түрлі ғажап дүние жасайтындар, кез келген оқиғаның амалын табатындар бар. Біз сіздерге адам миының әртүрлі көрсеткіштері мен мүмкіндіктері жайлы қызықты ақпарат ұсынамыз.

1. Адам миы барлық дене мүшелерімен салыстырғанда ең көп энергия алады. Миға оттегі аз түссе, есіней бастайды. Егер де көп түссе, біз өзімізді сергек сезінеміз.

2. Адам миы 7 жаста өз дамуын аяқтайды. Толықтай дамуын 18 жасында тоқтатады. Сол себепті сіз қандай да бір тіл үйренемін десеңіз, оны 18 жасқа дейін үйренгеніңіз абзал.

3. Ер адамдардың миы әйел адамдардың миына қарағанда едәуір үлкен.

4. Ми ауруды сезбейді. Ауруды тек ми қабығындағы рецепторлар сезеді. Сондықтан кейде басымыз ауруы мүмкін.

5. Бас мидың жүйке жүйесі ғана қайта қалпына келеді.

6. Өте ауыр стресс адам ми жасушаларының қызметі мен құрылысын өзгерте алады. Мәселен, кейбір адамдар ауыр стрессті басынан өткеріп, үздік туындыларын жасаса, өзгелер өз өмірімен қоштасып жатады.

7. Интелекті жоғары адамдар төмен көрсеткіші бар адамдарға қарағанда бас миының ауруына аз шалығады.

8. Ағзамызға түстетін тағам бас миының жұмысына әсер етеді. Ғалымдар тағамның құрамында консерванттар, жасанды амартизаторлар мен бояғыштар бар өнімді қолданбауға кеңес береді. Шоколадтың ми жұмысын жақсартатыны бұрыннан белгілі.

9. Дәрігерлер ауырған кезде суды көбірек ішуге кеңес береді. Себебі, ми 75% судан құралады.

10. Бас миының жұмысын жақсарту үшін кітап оқып, математикалық есептерді шығару керек. Сол арқылы өмір бойы мидың жақсы жұмысын қамтамасыз етуге болады.