Астана қаласы №2 өнер мектебі оқушылар сарайының сахнасында есеп беру концертін өткізді. "Астана-жүрегім менің" атты концерт Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған, сонымен қатар №2 өнер мектебі алғашқы мүшел жасы - 13 жасқа толғанын да бірге тойлады.

Бұл концертің мақсаты- оқушыларды отансүйгіштікке баулу, қазақ өнері арқылы балаларға ұлттық тәрбие беру, өз қаласын, өз елін өркендетуге үлесін қосатын, білімді, өнерлін ұрпақ тәрбиелеу.

Жылдық есеп беру концертінде осы мектептің оқушылары мен олардың ұстаздары өнер көрсетті. Сонымен қоса өнер мектебінде оқитын оқушылардан құралған «Айналайын» балалар хоры, «Назқоңыр» қобызшылар ансамблі, «Шұғыла» би тобы, «Атамұра» жетігеншілер ансамблі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі байқауларда жеңімпаз атанып жүрген шығармашылық ұжымдар қатысты. Концерт әдеттегідей жанды дауыста, жоғары кәсіби деңгейде өтті.

Концертті тамашалауға ата – аналармен қоса, ақын –жазушылар, журналисттер, қосымша білім беру мекемелерінің және жалпы білім беру мектептердің басшылары қатысты. Кеш қонақтары оқушыларымыздың шығармаларын жоғары бағалап, жақсы әсер алып кетті.