Қазақ радиосының "Терме-толғау" бағдарламасы адам жанына сырлы саз тамызып, қозғау салатын, ғасырлар құба белінен өтіп бүгінгі ұрпаққа жеткен тоқсан тарау толғау мен өсиетке толы термелер ұсынады.

Бағдарламаның кезект қонағы - бабалар дәстүрін шаршамай-талмай насихаттаушы, Республикалық Мәди Бапиұлы, Жүсіпбек Елебеков, Әміре Қашаубаев атындағы байқаулардың лауреаты, әнші, толғау-термені тебіренте орындаушы Жасұлан Наурызбайұлы.

Еске сала кетсек, "Терме, толғау" бүгін сағат 14:25-те Қазақ радиосының тікелей эфирінде өтеді. Эфир барысында 757275 байланыс нөміріне хабарласып, кейіпкерге сұрақ қоюға болады. Астана қаласының коды 7172.