1926 жылы Гарольд Камминс Америкада баланың қабілетін анықтайтын тест құрастырып, 1961 жылы оның кітабын жазған. Ал, Новосибирск ғалымдары бұл саланы одан әрі зерттеп, дамытып, балалардың неге бейім екенін анықтайтын толыққанды тест құраған. Бұл ата-аналарға үлкен көмек.

Шалқар Радиосы «Таңжарық» бағдарламасының қонағы - Жанат Болысбекқызы биометриялық есеп жайлы айтып берді.

«Негізі бұл тестті бір жыл бұрын алған едім. Новосибирскіден сатып алдым. Сертификатын алып, осы астанада балабақшалармен, мектептермен жұмыс істедім. Бұл жаңа инновациялық жоба. Жаңалығы көп ішінде. Саусақтардың иірімдерін тексереді. Анасының құрсағындағы бала 13-ші аптаға жеткенде оның ми қабілетімен қатар саусақтың иірімдері дамиды. Сол кезде дамыған саусақ бедерлері өмір бойы өзгермейді. Осы кезде дамыған бедерлер баланың неге қабілетті екендігін анықтауға көмектеседі».