Ұлыбритания әлемдегі ең көне әрі дамыған корольдіктердің бірі. Әлемге маңызды тарихи оқиғалар да дәл осы Ұлыбритания мемлекетінің жерінде орын алған. Мәселен, ең танымал спорт түрі футбол да осы жерде пайда болған. Біз сіздерге Ұлыбритания жайлы қызықты мәліметтер ұсынамыз.

1) Ыстық шоколад сусынын сататын алғашқы дүкен Англияда ашылған.

2) Ағылшындар әлемде шай ең көп ішетін халық.

3) Әлем бойынша Эдинбург қаласында ең алғашқы жеке қалалық өрт сөндіру мекемесі ашылған.

4) Лаки Даймонд Ричи - әлемдегі денесінде ең көп тату салынған адам. Оның денесінің 99,9%-ы леопард жануарының терісіндей бейнеленген. Лаки Скай аралында тұрады.

5) Британияда мектепте оқу ақысы статусына байланысты жоғарылайды. Сонымен қатар, оқу ақысы қымбаттаған сайын мектепте тәртіп ережелері қаталданады.

6) Ұлыбритания көшелерінде баспанасы жоқ жануарлар кездеспейді. Себебі олар үшін арнайы үйлер ашылған.

7) Еуропа елдерінің ішінде Ұлыбританияда ең көп семіздікке шалынған адамдар тұрады