Кітап оқу өте пайдалы екені бәрімізге мәлім. Логикалық ойлауды дамытады, есте сақтау қабілетін арттырады, мидың жұмысын жақсартады. Өзге де пайдалы тұстары жайлы қызықты ақпараттарды назарыңызға ұсынамыз.

1) Кітап оқу адам баласын жасартады, себебі, адам ағзасы ми жұмыс істемеген жағдайда тезірек қартаяды. Ал кітап оқу мидың жұмысын жақсартып, қартаю процесін ақырындатады.

2) Француз императоры Наполеон минутына екі мың сөз оқыған.

3) Жазушы Оноре Бальзак екі жүз беттік романды жарты сағатта оқып шығатын болған.

4) Жазушы Максим Горький минутына төрт мың сөзге дейін оқыған.

5) Ғалымдардың зерттеуінше кітап көп оқитын балалар өте сауатты әрі өмірде шапшаң келеді екен.