Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды.

Биылғы пітір садақа мөлшері — 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді.

Пітір садақаның мөлшері әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітіледі.

Пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның құнымен де беруге болады.

ЕСКЕРТУ: Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағ-тың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні — Қадір түні.

Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.