Қайталанбас қимыл түрлерін елордалық көрермен «Астана» концерт залынан тамашалады. Хореография өнерінің барлық жанрын топтастырған концертті Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Эстрада би ансамблі» ұсынды. Өнер ұжымының негізі осыдан екі жыл бұрын қаланған. Осы уақыт аралығында бишілер сан алуан би стилін меңгеріпті.

Біз «Эстрада би ансамблі» болғандықтан, көбіне әншілермен бірге өнер көрсетеміз. Дегенмен ұжым болған соң, бишілердің жеке өнерлері болуы шарт. Сондықтан, ансамбль мүшелері халық, эстрадалық, заманауи би түрлерінен бөліп жармайды. Барлық бағытта өздерін дамытып келеді. Бүгінгі кеште тұрлі стильдегі би өнерін көрсетеміз. Көрермен би түрлерінің барлық түрімен танысуы қажет деп ойлаймын»,- Эстрада би ансамблінің балетмейстері Әнел Ислямова.

«Би әлемі» жыл сайын ұйымдастырылатын шараның бірі. Бірақ, бұл кеш бұрынғыдан өзгерек... Өйткені, бұл жолы сахнада«Асыл мұра» балаларби ансамблі де өнер көрсетті. Аталмыш ұжым осыдан он жыл бұрын құрылған. Құрамында 140-қа жуық биші бар. Кішкентай бүлдіршіннен бастап, ересекке дейін сахнаға шыққан төрт буын бірлесіп өнер көрсетті.

«Өзімнің жаныма жақын заманауи би. 17 жасымнан бері айналысып келе жатырмын. 6 жылдай болды билеп жүргеніме. Заманауи бимен қатар, әртүрлі билер билеймін. Көбінесе, хип хоп дейді ғой, көбінесе сол стилде. Бидің барлығы қиын.жанрларының барлығы қиын негізі. Ең қиын болғаны маған, классикалық бағыттағы билер. Ол бағытты билеу үшін дененің майысқандығы керек»,- Эстрада би ансамблінің артисі Мейірлан Құсайынов.

Еңбекқорлық, өз мамандығыңа деген сүйіспеншілік – бұл бишілерге қойылатын ең негізгі талаптардың бірі. Сондай-ақ, жанарда от болса, би өнерінің шыңына шығуға болады. Ансамбль жетекшілерінің пікірі осындай.Яғни, ұжымдағы әрбір өнерпаз өз ісінің шебері болуы шарт.