«GOLD ACCORDION» байқауының үздіктерді анықтады. Халықаралық эстрадалық байқау осымен үшінші рет шымылдығын түрді. Қорытынды кеш Қазақ Ұлттық өнер университетінің орган залында өтті.  Сайысқа бас-аяғы  50-ге жуық үміткер қатысуға ниет білдірген. Олардың дені Қазақстанның түкпір-түкпірінен, қалғаны Мәскеу мен Қызғыз елінен келген.

Игі іске Астана қаласы білім басқармасы ұйытқы болған. Қатысушылардың өнеріне әділ баға беретін қазылар алқасы да әр елден шақыртылған. Барлығы - Еңбек сіңірген әртістер. «Gold accordion»- эстрадалық байқау болғанымен, басқа додалардан айырмашылығы, шынайы және қоғамдық концерт түрінде өткізіледі.

«Доданың тағы бір ерекшелігін айта кеткен жөн, бұрын соңды болмаған өзгешілік деп айтуға болады. Бір шығарманы қатысушылар жеке орындады. Үміткерде Астаналық музыканттардан құрылған ансамбльмен бірге өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.Бұл әрине барлық аккордионшылар үшін үлкен тәжірибе», - дейдіқазылар алқасының мүшесі Олег Неупокоев.

«Gold accordion» - 2018 байқауының лауреат жүлдегері мыналар:
  • Серікбай Нұрзат (Жаңаөзен)
  • Галян Дарья (Астана),
  • Данила Житникович(Омск қаласы, Ресей),
  • Игорь Рыбин(Омск қаласы, Ресей),
  • "TWIX DUO" дуэті (Павлодар қаласы, Қазақстан),
  • Аккордеоншылар мен баяншылардың халық оркестрі (Ресей, Есілкөл).