1941-1945 жж. Жеңіс күні қарсаңында «Жеңіс лентасы» атты патриоттық акция өтеді. 6 мамыр «Бәйтерек» монументінің алаңында, Студенттер саябағында және де «Хан шатыр» ОСО алдында сағат 10:00-ден 18:00 дейін «Жеңіс лентасы» мен төсбелгілер таратады. Акция 9 мамырға дейін жалғасады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының тілегін ескерген Астана қаласының әкімдігі 5 мамыр күні (сағат 10:00-нан 18:00 дейін) «Бәйтерек» монументі алаңында жеңіс лентасын тарататын орынды ашады.

 Жеңіс лентасын тарататын орын
Жеңіс лентасы ұзындығы 30 см жібек матадан жасалған, ені 3 см аспан түстес және ортасына ұлттық нақыштағы алтын түсті ою-өрнек жүргізілген. Лентаның ұшына Отан соғысының Ордені (деңгейі көрсетілмеген) бейнеленген, ол соғысқа қатысқан халқымыздың ерлігі мен жаужүрек батыр екендігін білдіреді.

Лента «9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар» атты жазуы бар төсбелгімен бекітіледі. 

Дерекөз: astana.gov.k