Астаналық ардагерлер 9 мамырда Astana Taxi қызметін тегін пайдаланады

9 мамыр Жеңіс күнінің құрметіне орай Astana Taxi ҰОС ардагерлерін тасымалдау үшін 45 автокөлік ұсынады,  деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

"Бұл біздің ұлы мереке туралы естелік пен батырларымызға қосқан кішігірім үлесіміз, олардың даңқы мәңгі жасай берсін! " - деді тасымалдау компаниясының өкілдері. 

Естеріңізге сала кетейік,  Astana Taxi жобасы астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2 мамыр 2017 жылы Мемлекет басшысының бірыңғай такси қызметін құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ашылған болатын.

Astana Taxi 380 автомобиль жылжымалы паркінде 10 ресми тасымалдаушы біріктірілген.