Ресми мәліметтерде айтылғандай, Өзбекстан президентінің Уашингтондағы екі күндік сапары АҚШ президентінің арнайы шақыруымен болған. Бұған дейін президент Шавкат Мирзиеев Трамппен Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Бас Ассамблеясында кездескен. Ал, бұл өзбек басшысының Уашингтонда болған алғаш реткі ресми сапары.

Билікке келгеніне қысқа ғана уақыт болса да Уашингтон билігінің ресми сапармен шақыруын алғаны сырт елдердің назарын аударуда. Ресми мәліметтерге сүйенсек, өзбек басшысы Трамппен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық, инвестиция, сауда байланыс және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін кеңеспек.

Кездесуге баға берген Ақ үй басшысы Трамп: «Бұл Құрама Штат пен Өзбекстан қарым-қатынасының жаңа дәуірінің басталғанын білдіреді», – деген екен. Әрі екі басшы бірқатар келісімдерге қол қойысқан. Сыртқы елдердің сарапшылары Өзбекстан президентінің елдегі жаңа реформалары туралы тек оң бағалары айтылуда. Айталық, сыртқы саясаттағы қадамдары Өзбекстанның көпжақты дамуына үлкен серпін береді деп қарайды.

Дереккөз: The Qazaq Times