Қытайдың геостратегиялық әсері, жұмсақ күшінің қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Қытай экономикасының қарқынды дамуын басқа елдер эмульсиялық үлгі ретінде таниды. Бірақ Қытайдың әлемге таратып отырған жұмсақ күші мен өркендеуі өзінің авторитарлық үлгісін дамытып, жаһандық тартымдылығын арттыра ала ма?

«Қытай жақын болашақта әлемдегі жетекші экономикалық және геосаяси қуатты көшбасшы ел бола ала ма? Немесе әлдебіреулер болжағандай ықпалды орнына әлден жайғасты ма? Егер екі сұрақтың да жауабы «иә» болса, жаһандық демократияның болашағы үшін салдары қандай болмақ?» ,-деп жазады Project Syndicate

Қытайдың өсу қарқыны көз ілестірместей күйде екені анық. Қытай ішкі өнім бойынша 20 жыл ішінде АҚШ-ты басып озуға таяды. Мұның барлығы екі ел валютасының өсіміне және валютаны айырбастау құнының, яғни долларды юаньға айналдыруға байланысты айтылған болжам. Қытай қазірдің өзінде сауда экономикасы жағынан әлемдегі көшбасшы ел. Сондай-ақ ханзулар әлемді юуанды халықаралық деңгейде қолдануға және әлемдік сауданы осы валюта бойынша орнықтыруға күш салып жатыр. Өйткені доллар қазір әлемдік жетекші валюта болғанымен, оның бағасы тұрақсыз.

Сонымен қатар, Қытай өзінен алған қомақты қарыздарын қайтара алмай қалған коммерциялық серіктестерінен әскери базаларды және басқа да геостратегиялық маңызды орындарды алып, инвестицияларын Африка мен Оңтүстік Азияның басқа елдеріне қайта кіргізеді. Қытайдың сыртқы инвестицияларын одан әрі нығайтқанының және Еуразия аумағындағы елдермен экономикалық байланыстарды тереңдеткенінің айқын айғағы-«Бір жол, бір белдеу» бастамасы.

Қытай жұмсақ күшінің тағы бір бағыты - мектеп бағдарламалары, мәдени алмасулар, мұражай, көрмелер және ЮНЕСКО жобаларын қамтуы.
Мұндай геостратегиялық ықпалдың қарқын алуы және Қытай жұмсақ күшінің нығайуы, экономикалық дамуы басқа елдердің алдында Қытайды үлгі тұтарлық ел ретінде көрсетеді. Олар Қытайды өздерінің саяси моделі ретінде көре бастайды.

Қытай өзінің жұмсақ күшін, өркендеуі мен тұрақтылығын қаншалықты көрсетсе, оның соғұрлым авторитарлық үлгі ретінде тартымдылығы артады. Дамушы және дамыған елдердің бақылаушылары осындай сындарлы кездерде шешімдерді қабылдау өте қиынға түсетінін және әлемдік үдерісті демократиялық жүйеде ұстап қалудың оңай еместігін айтады. Бірақ бұл үдерістің де, оның нәтижесінің де болашағы күмәнді. Қазір Қытай кедей елдердің қажеттілігін әрқашан ескеруге дайын кейіпте. Бірақ мұның лайықты қойылған бір бағыттағы механизмі бар.

Алайда Қытай басшыларының да саясатта маңызды қателер жасауы мүмкін. Өйткені олар ешқашан қарызға батқан корпорациялар сәтсіздігі, қытай қаржы институттарындағы жасырын проблемалардың ашылуы, жаһандық энергетикалық бағаның өсуі немесе елеулі геосаяси жағдайлар тәрізді жақсы дамып келе жатқан экономиканы қиратуы мүмкін кризисті басқарушы рөлінде болған емес. Қытай қаржылық нарығының жоғарылауы оның капитал ағымын тұрақсыз етуі мүмкін. Ал Көршілес жатқан солтүстік Корея Қытайдың геосаяси статусына кері жағдай жасайды.

Қысқаша айтқанда, жоғарыдағы аталған жағдайлар орын алса Қытай көшбасшылары мұндай қарсыластыққа төтеп бере алмайды. Өйткені оларға қоғам қарсы шығуы мүмкін. Ал мұндай режим кезіндегі нақты жағдайдың қандай болатынын болашақ көрсетер.

Авторы: BARRY EICHENGREEN.
Бэрри Эйченгриен - Калифорния университетінде экономика ғылымдарының профессоры, Беркли және Халықаралық валюта қорының бұрынғы аға кеңесшісі. Оның соңғы кітабы - "Экономикалық шағым және қазіргі заманғы саяси реакция" деп аталады (The Populist Temptation: Economic Grievance and Political Reaction in the Modern Era).