Түркияның мұсылмандары Рамазан кезінде мұсылмандарды тек азық-түлік пен судан ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен Интернеттегі уақытты шектеуге шақырды. Оған виртуалды «ораза» деген ат берді.

Жастардың әлеуметтік желілерде күніне кем дегенде үш сағат жұмсайтыны белгілі, ал кейбіреулер интернетте өмірінің жартысын өткізеді. Интернетке жұмсаған уақытты бауырларға уақыт бөлуге, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, қасиетті айда өздерін діни тұрғыдан дамытса деген бастаманы негізге алады.  Сондай-ақ, көгілдір экраннан да тыйылса дегенді ұсынды.

Түрік мұсылмандары Рамазан айында интернетті нақты қажеттілік жағдайында пайдалансақ орынды. Олар виртуалды жүйені ғаламдағы ойлармен, басқаларға нақты көмекпен, ғибадат қызметінде және Құранды оқумен қатысты кезде қолданса дейді.

«Экрандарға үңіліп отырудың орнына, бір сәт жақындарымыздың жүзіне қарап, олардың ішкі күйіне назар аударайық. Виртуалды әлемді құрудың орнына гаджетті бір жаққа қойып, Әлем туралы және Құдайдың ұлылығы туралы ойласақ, қандай жақсы!». Сіз үшін өзгелер дұға ететіндей игі іс жасаңыз.» - дейді ұйымдастырушылар.

Дереккөз: kazislam