Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалы мақаласы аясында және 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Көне кітап – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты көшпелі көрме ашылды.

Көрмеге музей қорынан 40 дана құнды көне кітаптар мен қолжазбалар қойылады. Атап айтар болсақ,«Насаб-нама» нұсқаларында Түркістанжеріне алғаш ислам дінін әкелуші, Түркістан жеріндегі алғашқы ислам мемлекетінің негізін салушылар ретінде Исқақ баб, Абд ал-Жалил бабтардың дінді таратуы жайлы насабнамалар, Ахмет Ясауидің шежіресі жазылған насабнама, Ахмет Ясауидің мөрі, Диуани хикмет, қолжазбалар, дұға кітаптар, пайғамбарлар өмірі жазылған көне кітаптар, фих мәселелері т.б жәдігерлер бар.

Көрменің басты мақсаты, музей қорында сақталған көне кітаптар, қолжазбалар мен насаб-намалар халқымыздың сан ғасырлық рухани байлықтарымызды бағамдап, болашақ ұрпаққа жеткізу және насихаттау болып табылады.

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ұйымдастырылатын «Көне кітап - рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты көрме мәдениет саласының өкілдері, музей қызметкерлері, студенттер мен оқушылар, қала тұрғындарының қатысуымен өткізіледі.