Құрма дәруменге бай жеміс түрі. Бұл жеміс көбіне рамазан айында дастарханымыздан табылып жатады. Ғалымдар бұл жемісті жиі тұтынуға кеңес беріп отыр.

Қазақ радиосының «Керек дерек» бағдарламасында құрманың пайдасы жайында былай делінген:

Көптеген халықтарда құрма қасиетті тамақ саналады. Бұл жемістің 2-3 данасының өзі ағзаға өте пайдалы екен. Күніне үш құрма жеп ғана ағзаны қажетті микро элементтермен қамтамасыз етуге болады. Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді.

Құрма адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін арттырады. Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жемісжүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша құрманы көп жейтін адамдарда өкпедегі қатерлі дерттен болатын ауру кемде-кем болады.

Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жинамаудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі. Мәйегін жарақат алғанда немесе күйген жерге жақса тез жазылады. Құрма йодқа да бай. Қаныңыз аз болса бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады. Құрма құрамындағы моносахрит жүрек бұлшық еттеріне өте пайдалы. Құрма құрамындағы А және С дәрумені иммунитетті көтереді.