Мен сіздерге ешқандай түсірілімде айтылмаған әнімді әкеліп отырмын. Сөзін семейлік ақын Олжас Қасымов деген бауырыма жаздырттым. Бір әдемі ән шығардық деп ойлаймын» - дейді әнші, сазгер Асқар Жайлаубаев Шалқар радиосы «Таңжарық» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Бұл әнді 1-2 той жиында айттым. Өте керемет қабылдады. Мен өзім бұрың-сонды айтылмаған тақырыпта ән іздеймін. Мына әнім кез келген жерде айтылатын ән. Ол жиын той болсын, концерт болсын. Тақырыбы «Аман болсын жанұяңыз» - дейді әнші.