www.astanaday.kz сайтынан Астананың 20 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар туралы толық ақпарат біле аласыздар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Мерекелік іс-шаралардың ресми сайты іске қосылды, ол «Ел жүрегі – Астана» деп аталады. 

Порталда қаламыздың 20 жылдық мерейтойы аясында өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат алуға болады. Ниет білдірушілер концерттер мен көрмелер, мәдени-көпшілік оқиғалар, жәрмеңкелер, спорттық іс-шаралар туралы толық мәлімет ала алады. Онда қандай да бір шараға билет құны, қайда және қашан өтеді туралы көрерменге қажет бар ақпаратпен қамтылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Астананың 20 жылдығы аясында жыл бойы өтетін 600-ден астам ауқымды мерекелік бағдарлама дайындалды.