Қазақ радиосының «Жан жылуы» бағдарламасына Қарағандыдан Аян Исабаев есімді азамат хабарласып, көмек сұраған еді.
Сәті түсіп Аян 18 мамырда бағдарламаның кезекті эфиріне қатысты.

Аянның жары Рымкеш 2011 жылы ауыр науқастан қайтыс болған. Ол кезде қыздары Әйгерім 11 жаста, ал ұлдары Нұр 5 жаста екен. Қазір Әйгерім 18-де. Қарағандыдағы психикалық балалар ауруханасында. Себебі бірнеше жылдан бері науқас. Ал Нұр көзі нашар көретін мектепке барады. Лупамен ғана оқиды. Бір көзі туғаннан мүлде көрмейді. Санк –петербургтен келген мамандар 3 рет ота жасату керектігін айтыпты.

Мамыр айының аяғында Нұрға алғашқы ота, одан 10 күн өткен соң екінші ота жасау жоспарланған.

Айта кетерлігі, Аян алғашқы жары қайтыс болғаннан кейін екінші рет отбасын құрған. Қазіргі жарынан да 3 баласы бар. Екі баласының тағдырына алаңдаған әке Қазақ радиосы арқылы жаны жомарт, ізгі ниетті жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

Әйгерім мен Нұрдың әкесі Аян Исабаевтың атына ашылған есепшот:
Каспий голд: 5169 4931 2233 0809
ЖСН/ИИН: 730 907 300 409