Қазақ радиосының "Термелер мен толғаулар" бағдарламасы ғасырлар құба белінен өтіп, бүгінгі ұрпаққа жеткен тоқсан тарау толғау мен жаныңа нұр сыйлайтын өсиетке толы термені әуе толқыны арқылы тыңдармандарға жеткізеді.

Бағдарлама қонағы: Астана Қазақ Ұлттық өнер университеті дәстүрлі ән кафедрасының ұстазы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», салдардың сарқыншағы, белгілі әнші, толғау орындаушы, профессор — Айтбек Нығызбай.

Айта кетерлігі, "Термелер мен толғаулар" бағдарламасы әр аптаның бейсенбі күні сағат 14:25-те Қазақ радиосының тікелей эфирінде өтеді.