Көзіңіздің көруін жақсарту үшін А витамині бар өнімдерді көптеп тұтыну қажет. Бұл витаминді күнделікті тұтынсаңыз, көздің ылғалдануы бұзылмайды, көз қабынбайды. Сонымен қатар, А витаминінің басқа да пайдасы зор.

А витамині жетіспесе тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Соның салдарынан адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр деп атайды. А дәруменінің ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 2,5-10 мг.
Ендеше, көздің көру қабілетін жақсарту үшін мына өнімдерді тұтынғаныңыз жөн:
  • Қызанақ. Аз калориялы көкөністің құрамында А дәруменімен қатар басқа да витамин мен минерал көп.
  • Мускусты қауын. Қауынның бір тілімі А витаминінің тәуліктік санын 120%-ға арттырады.
  • Сиыр бауыры. Құрамында С және А витаминімен қатар темір де өте көп. Сонымен қатар бауырда калория мен май аз.
  • Шабдалы. Темірге, магнийге, фосфорға, кальцийге, калийге сондай-ақ С және А дәруменіне өте бай.
  • Қызыл бұрыш. С және А дәруменімен қатар құрамында ликопин бар.
  • Күркетауық бауыры. Бұл өнімнен 100 г жесеңіз, А витаминін тәулігіне қажетті мөлшерден 1500%-ға дейін арттырады.
  • Манго. Өте дәмді, шырынды және сергіткіш жеміс.
  • Сұлы. А дәруменін ағзаға 29% - ға артық ұсынады.
  • Сәбіз. А витаминінің, сондай-ақ, В және С витаминдерінің қайнар көзі.
Бұл өнімдерде А витамині көп. Егер, көзіңіздің нашар көре бастағанын байқасаңыз, ас мәзіріңізге жоғарыда көрсетілген тағамдарды міндетті түрде қосыңыз.

Сонымен қатар А витаминін шамадан тыс көп тұтыну — сүйектің жұмсаруына, сынғыштығына, яғни, адамның остеопорозға шалдығуына себепкер болуы мүмкін. Сол себепті шамадан көп тұтынбағаныңыз да жөн.
Кеңесіміз керегіңізге жарасын.

Бұл жайлы Қазақ радиосының «Керек дерек хабарында айтылды.