Әлем жұртшылығы «Грецияда бәрі бар» деген тіркесті жиі қолданады. Бұл тіркес қайдан шыққан? Шын мәнісінде, бұл тіркес Антон Чеховтың «Үйлену»пьесасын сахналағаннан кейін пайда болған. Пьеса кейіпкері Харлампий Дымбаның ұлты грек болғанымен,туған елімен байланысын үзген. Сол себепті, елі жайлы сұрақтарға «Грецияда барлығы бар» деп жауап береді екен.

Ендеше, Греция жайлы қызықты ақпараттар топтамасын ұсынамыз:
  • Гректер ұйықтауға шамамен түнгі 23:00-ден кейін жатады да, таңғы 5-терде тұрады екен. Аз ғана уақыт ұйықтайтындықтан, күндізгі сағат 14:00 – 16:30 уақыт аралығында көптеген мекемелер жабылып, түстен кейін тынығу сағатын жариялайды. Бұл уақытта шулауға болмайды, тыныштықты полиция қызметкерлері қадағалайды.
  • Греция – әлемдегі туристік орталықтардың бірі. Елдегі халық саны – 11 миллион болғанымен,жыл сайын бұл елге 17 миллион турист келеді.
  • Орыс тіліне грек тілінен мыңдаған сөз енген. Қазір ол сөздердің орыс тіліне енгені соншалық, кірме сөз екені аңғарылмайды. Мәселен, мелодия, поэзия және т.б.
  • Қазіргі таңда Греция Еуроодақ құрамында болғандықтан,2002 жылдан бастап негізгі валюта еуро. Оған дейін Еуропада ең көне ақша бірлігі болып саналатын драхманы 2650 жыл бойы қолданған.
  • Грецияның теңіз флоты әлемдегі ең ірі флоттардың қатарында. Елдің жағажайларында 156 порт орналасқан.
  • Грециядан ең көп экспортталатын тағамның бірі – зәйтүн жемісі. Бұл елде зәйтүн ағашы XII ғасырдан бері өседі.