Қазақ радиосының "Жан жылуы" бағдарламасына Ерлан Исаев күтпеген жерден денсаулығы күрт нашарлаған немересі үшін көмек сұрай келді. Немересі кішкентай Әлима аяқастынан аты жаман ауруға шалдыққан.

Кішкентай балапан 14 мамыр күні анасы Айжанмен жедел түрде Сеул қаласындағы онкологиялық клиникаға жол тартады. Жағдай тез ушыққандықтан ертеңіне әкесі де Корейге ұшуға мәжбүр болған. Ондағы дәрігерлер медициналық тексеруден кейін жедел түрде химиялық терапия бастау қажеттігін айтады. Биопсия алынып, МРТ жасалынды. Биопсияның нәтижесі 8-10 күннен кейін дайын болмақ. Оған дейін дәрігерлер балаға химия терапияны үздіксіз жүргізуге мәжбүр.

Шетелдегі ем-шара арзан тұрмайтыны анық. Кішкентай балапанының ертеңіне алаңдаған атасы бүгін көптен көмек сұрап Қазақ радиосының студиясына келді. Қасиетті Рамазан айында қолдан келер көмегімізді аямайық, қымбатты тыңдарман!

Әлиманың ағасы Рүстембек Исаевтың атына ашылған есепшот:

ForteBank/MasterCard: 5132 2304 3296 7605
kaspi gold: 5169 4931 1412 5712 ИИН: 931026350113; Qiwi әмиян: +7701-629-3351.
Әжесі Жаннат Ермекованың атына ашылған есепшот:
Халық банк: 4390 8782 3342 5718
ЖСН: 5811 2245 0058