Қазақ радиосының "Термелер мен толғаулар" бағдарламасы тікелей эфирде тоқсан тарау толғау мен өсиет, насихатқа толы термені қызыл тілдің орамына салып, тотыдай тарандырады.

Бағдарламаның ертеңгі, яғни 31 мамырдағы қонағы бабалардың жол жоралғысын ұстанған, сырнайдың сиқырлы үнімен шешен сөзді сары қымыздай сапыратын әз-Төлбидің ұрпағы, жас пері Жораев Еділ мырза.

Эфир барысында бағдарлама қонағына сауал қойып, тақырыпқа сай пікір білдіруге болады. Тікелей эфирдің байланыс нөмірі: 757275. Астана қаласының коды 7172.

Айта кетерлігі, "Термелер мен толғаулар" бағдарламасы әр аптаның бейсенбі күні сағат 14:25-те эфирге шығады.