Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақ радиосының «Жан жылуы» бағдарламасы Балалы отбасының құқықтары мен заңды мүддесін қорғау тақырыбында эфир ұйымдастырды. Эфирге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Балжан Баяхатова және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ-ның басқарушы директоры Кемел Нұрсұлу Мырзагелдіқызы қатысты.

Балжан Яхотқызы балалы отбасылардың  заңды мүддесі мен құқықтарын қорғау - Қазақстанның мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары екенін айта келе, былай деді:
«Балаларымыз - біздің өміріміздің мәні, Бала туралы сөз қозғалғанда ана турлы да сөз қозғалады. Сондықтан бәрі балалалы болам деген аналарарды қолдаудан, бала тууды ынталандырудан басталады. Осы бағытта көптеген мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған. Атап айтар болсақ, көпбалалы аналардың мәртебесі мен беделін көтеру, мүмкіншілігі шектеулі балаларды қолдау, аз қамтамасыз етілген отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер беру, бала тууға қатысты жәрдемақылар, бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақылар, бала тууға және жүктілікке байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін төлемдер, бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы әйелдерге арналған міндетті зейнетақы төлемдерін субсидиялау және т.б. жатқызуға болады. Осы уақытқа дейін 1,5 миллионнан астам ана мемлекеттен бір реттік әлеуметтік төлемдерін алды. Бұл тарапта жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналарға отбасының табысына байланыссыз жәрдемақылар бекітілген. 1 жасқа дейінгі бала күтіміндегі жұмыс істейтін аналарға еңбек ақысының 40 пайыздық өлшемін, ал жұмыс істемейтін аналар үшін биылдан бастап 1-балаға 13850 теңге, 2-балаға 16374 теңге, 3-бала 18880 теңге, 4-балаға ай сайын 21405 теңге қарастырылған»,- деді.

Толығырақ «Жан жылуы» бағдарламасының аудио нұсқасынан тыңдай аласыздар.