Бар сұлулықтың символы-поэзия. Поэзия дегеніміз алдымен адам емес пе?! Ел тынысы, жер тынысы, тіршілік құбылысы адам сезімімен көркейеді. Өзінің шын сұлулығын содан табады. Сол сұлулықты көре, түсіне білуге құштар, соған өзінің бар өмірін, маңдай терін арнаған ақынжанды адам сезімінен тұлғаланады.

Сағат 15.10-да Қазақ радиосының эфиріне шығатын бүгінгі "Дәуір үні" хабарынан сіздер, сыршыл ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленов пен Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақан Мұзафар Әлімбаевтың «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар.