Ресей елінде өтетін теңбіл доп додасына 6 күн қалды. Ең бірінші әлем чемпионаты 1930 жылы Уругвайда өткізілген болатын. Бұл уақыт аралағында әлемдік футбол біріншіліктерінде болған қызықты оқиғалар топтамасын ұсынамыз.

Мысалы, алғашқы турнирге бірде-бір еуропалық құрама қатысқысы келмеген. Ұйымдастырушылар барлық шығынды өтейміз дегенімен, клуб қожайындары өзінің үздік ойыншыларын алыс шалғайдағы Уругвайға жібергісі келмеген. Мұндай кикілжіннен кейін ФИФА президенті Жюлю Римге бұл іске өзі кірісіп, Франция, Бельгия, Румыния және Югославия құрамаларын қатысуға көндірген. Бірақ, еуропалық командалар жеңіске жете алмады. Ақтық ойында Уругвай мен Аргентина кездесті.

1950 жылы финалдық турнир Бразилияда өтті. Шешуші ойында алаңға Бразилия мен Уругвай шықты. Бұл ойында бразилиялықтардың жеңетіне ешкім күмәнданбағанды. Бірақ, бразилиялықтар есеп ашқанымен, уругвайдан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Сол күннен бастап Уругвайда 16 шілде ұлттық мереке болып есептеледі.

1958 жылы алғаш рет әлем чемпионатына КСРО құрамасы қатысты. Команда ширек финалға дейін жетіп, алаң иелері шведтерге 0:2 есебімен есе жіберді. Ал, топтық кезеңдегі КСРО – Бразилия ойынында алаңға 17 жасар бразилиялық жасөспірім шыққан болатын. Бұл алдағы уақытта үш рет әлем чемпионы атанған Пеле болатын.

1970 жылы Әлем чемпионатына Adidas фирмасы ресми доп дайындап, қолмен тікті. Содан бері, әрбір әлем біріншілігінде Adidas арнайы доптар шығарып келе жатыр. Биылғы 2018 жылғы доп додасында да арнайы жасалған доптың куәгері боламыз.

1974 жылдан бастап футболшыларды допингке тексере бастады. Бірінші допингтің құрбаны Гаити құрамасының ойыншысы Жан-Жозеф Эрнст болды. Оның ағзасынан эфедрин табылған. Ойыншы демікпемен ауратынын қанша дәлелдеуге тырысқанымен, аяқдопшы додадан аластатылған.

1994 жылы Ресей құрамасының ойыншысы Олег Саленко Камерун қақпасына 5 доп соғып, рекорд орнатты. Ол ойында қарымта гол соққан камерун шабуылшысы 42 жасарлық Роже Милла турнирдің ең кәрі бомбардирі атанды.

2002 жылы Түркия құрамасының шабуылшысына Оңтүстік Кореяның қақпасына гол соғу үшін небәрі 11 секунд қажет болған. Бір қызығы, бұл рекордты кім және қашан жаңартады екен?