Қазақ радиосының инстаграм парақшасында #qazradio_cover деген хештегпен кавер-конкурс ұйымдастырылған еді. Екі айға созылатын байқау бірнеше іріктеу кезеңінен тұрады. Бүгін алғашқы кезеңнің жеңімпаздары анықталды.

Сонымен алғашқы іріктеу кезеңінің жартылай финалистері:

І орын - Ақыл-Дина Алдабергеновтар

Байқау алғашқыда бір аптаға арналған еді, алайда конкурсқа қатысушылар өте көп болған соң, ұйымдастырушылар тек бір аптамен шектелмей, барынша біраз қолданушыға мүмкіндік беру керек деп шешіп, жаңа өзгерістер енгізді.
Сонымен, жаңа өзгерістер енген ереже мынадай:

Байқаудың іріктеу - 3 кезеңнен тұрады:

I. Іріктеу 4-11 қаңтар аралығы.
II. Іріктеу 11-18 қаңтар аралығы.
III. Іріктеу 18-25 қаңтар аралығы.

Байқау нәтижесі оқырмандардың басқан лайгымен шығарылады.

Әрбір іріктеу кезеңінен жартылай финалға 3 қатысушыдан 9 адам жолдама алады. Жартылай финал ІІ кезеңнен тұрады. Ол кезеңнен оза шапқан 3 адам финалға шығады.
Байқаудың барысы туралы сайтымызда хабарлап отырамыз.