Қазақ радиолары серіктестігінің соңғы кездегі техникалық шешімдері арнайы хабар барысында сынақтан сүрінбей өтті. Ақын Қалқаман Сарин танымдық өлеңдерін оқыған сәтінде радионың тікелей эфиріне «Қазақстан» Ұлттық арнасы қосылды. Артынша Қазақ радиосы Ұлттық арна эфирінен өтіп жатқан «Қасиетті Қадір түні» атты арнайы хабарға қосылып,  «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, профессор Ғарифолла Есім, ҚМДБ бөлім меңгерушісі Ершат қажы Ағыбаевтың Қадір түнінің қадір-қасиеті туралы терең әңгімелерін радиотыңдаушыға ұсынды.

Осылайша «Қазақ радиолары» ЖШС өзінің телеэфир жұмысына да дайын екенін көрсетті.
 




Серіктестік  тілшілері 5 сағат бойы тікелей эфирде студия қонақтарымен Қадір түнінің қасиетін, артықшылығын айтып, сүбелі сұхбат құрды.