Наурызда үш шегенің үстінде кеудені жерден 13 рет көтеріп, рекорд орнатқан қол күресінен халықарарық дәрежедегі спорт шебері Тимур Дәулетбақұлы қасиетті Рамазан айында өзінің бұл жетістігін жаңартты. Санаулы айда екі дүркін рекорд орнатқан спортшы құпиясын Қазақ радиолары «Қайырымы мол Қадір түні» хабарының тікелей эфирінде ашты.

 «Екінші рекордты осыдан 4-5 күн бұрын қасиетті Рамазан айында жаңартуға тура келді. «Наурыздағы көрсеткен жетістігіңді ауылда көрсет» деп ауыл азаматтары хабарласты. Содан ауылға барып, тіспен 10 келі гір тасын алып, 3 шегенің үстінде кеудені жерден 20 рет көтердім. Рекорд жасауға түрткі болған қасымдағы досым Сергей. Маған: «Өзге ұлт жасағанды қазақ неге жасай алмайды»,-деген ой маза бермеді. Елімізге мұндай рекордтарды орыс емес, қазақ жасасын деген оймен мақсатыма жеттім»,- дейді спортшы.