Ақын Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы «Армандастар» бағдарламасында айтылды.

Сұхбат барысында жазушы Есенғали Раушанов қаламгердің қазақ поэзияны қосқан үлесі туралы бөлісті.

«Сыр ағаңа жазба поэзияны айтатын болсақ, енді өте жақсы дамыды, өркендеді. Дегенмен, Сыр ағамның қазақ поэзиясына қосқан үлесі ерекше, ол қысқа әрі нұсқа жазу формасын алып келді. Оған дейін біз эпикалық жанрға жақын халықпыз, төрде отырып домбырамен батырлар жырын шырқап жөнелетін. Ал, Сыр ағаң европалық поэзияны қазақтың образына орап, қазақ топырағына сіңіріп, қазақтың өзінің өнеріндей етіп бере білді. Менің ойымша Сыр ағаңның үлкен жетістігі де осы.  «Соғыс тақырыбында өлең жазған үш адамды ерекше атап өте керек сынды. Бұл әрине менің, пікірім. Егер оны толықтырамын, қосамын десеңіздер өз еріктеріңіз. Сырбай Мәуленов, Қасым Қайсенов, Тоқаш Бердияров. Әрине, соғысқа қатысқан ақын – жазушылар өте көп болды. Бірақ, менің жаныма жақын жан қазақтың қара өлеңіне ғажап үлес қосты, керемет еңбек сіңірде дейтін ақындардың арасындағы осы үш тұлға, үш бәйтерек ерекше маған қымбат. Ал, Сыр ағаң европа поэзиясын көп оқыды. Бізді көрген кезде, жан-жақты ізденіңдер дегенді көп айтатын еді»,- дейді бағдарлама қонағы.