Сырбай Мәуленов балаларының ақын болғанын қаламаған. Себебі, қазақтың көрнекті ақыны әдебиетке ерекше талант қажет деп есептеген.
Әкенің ізін басатын бала - ораңқол қаламгер болмауы шарт.

Бұл туралыҚасым Сырбайұлы Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.

«Біздің Жеңіс деген ағам өлеңдер жазып жүрді. Жас кезінде жазған туындылары газеттерде жарияланды. Бірақ, әкеміз әдебиетке ерекше дарын қажет деп айтқан. «Мен әдебиетте классик болсам, бізге жай журналист қажет емес»,- деген»,- дейді Қасым Сырбайұлы.

Сондай-ақ, бағдарлама қонағы әкесі туралы естеліктерді еске түсірді.
Ол қазақ әдебиетінің классик ақыны болса, үйде классик әке болды. Біріншіден бізге өте жақсы тәрбие білім берді. 1950 жылы Қостанай қаласынан Алматыға көшіп келдік. Отбасында 7 баламыз. Әрқайсысы өзі таңдаған салады қызметте. Ата – анама басымды иіп, алғысымды айтамын. Өте жақсы тәрбие берді. Әкеміз соғыстан бір қолсыз келді. Сосын барлығымызды спорт мектептерін жетелеп апарды»,- дейді бағдарлама қонағы.