ҚР Ұлттық музейі ғимаратында «Нұр келбетті Астана» халықаралық көркемсурет фестивалі көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Оған отандық қылқалам шеберлерімен қоса АҚШ, Еуропа, Ресей, Бразилия, және Азияның Жапония, Үндістан сынды елдерінен үздік суретшілер қатысады. Олардың қатарында Ұлыбританияның Корольдік өнер қауымының мүшесі Александра Коннор, Жапонияның акварельмен бейнелеу өнерінің шебері Акира Мурата, Бразилиядағы Панамерика өнер мектебінің тәлімгері Жизель Улисс, Үндістанның заманауи көркемөнер шебері Рам Вираньян, АҚШ Ұлттық өнер грантының иегері Артем Миролевич, Голландияның ретроспективалық көркемөнер шебері Димитрис Воязоглоу, Ресейлік Игорь Дубовой, Түркиялық Оркун Муфтуоглу, Белоруссиядан Инна Болундь, Кореядан Клеменс Беунгун Суу, Хорватиялық Марко Зубак, Қырғызстаннан Адылбеков Байтерек, Италиялық Джованни Томасси Феррони, сонымен қатар, Гүлмира Телғозиева, Бақтыгерей Телеубай, Амангелді Кененбаев, Нұрбазар Қожин, Қайыр Оразғалиев, Айнабек Оспанов, Тілеужан Батанов сынды әйгілі отандық суретшілер де бар. 

Әлемнің 14 мемлекетінен келген суретшілер 60-қа жуық картинаны Астананың мерейтойына тарту етті. Бас-аяғы 20 қазақстандық және шетелдікқылқалам шебері елорданы үш күн бойы аралап, әсем қаланың «Нұр келбетін» қағазға түсірді. Жобаға қатысуға 250 суретші ниет білдірген. Игі іске ұйытқы болған - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

"Біз барлығынақойған талап біреу-ақ. Кемінде екі картина жазып беруін өтіндік. Ал, жалпы басқа шектеу болған жоқ. Бірақ, көңілімізден шықты. Әркім Астананың краскасын өзінің жүрегімен сезген. Өзінің жүрегіндегі лебізін картинаға қалдырды",- ұйымдастырушы Сұлтан Сралов.