"Пермь" классикалық университеті ерекше нейротармақ (нейросеть) жасады.

Ғалымдар нейротармақ арқылы Ресейде футболдан өтетін әлем чемпионатының жеңімпазын алдын ала болжады. Болжам бойынша әлем чемпионатында Германия жеңіске жетіп, чемпиондығын сақтап қалады екен. Алдыңғы үштікке Германия, Бразилия және Аргентина кіретінін де жасанды интеллект есептеп шыққан. Ал, алаң иелері Ресей тіпті топтан да шыға алмай қалады деген болжам бар.

Мұндай зерттеу нәтижесін шығару үшін ойналатын алаңның хал-жайы, ойыншылардың физикалық жағдайы, ойында болатын жарақаттар, ойынннан шеттету, ауа райы сынды мәліметтер есепке алынған. Зерттеушілердің айтуынша бұл болжамның анықтығы 80% екен.

Ақпарат Қазақ Радиосының «Аң таң» хабарында айтылды.