Қазақ радиосының "Термелер мен толғаулар" бағдарламасы ғасырлар тезінен өтіп бүгінгі ұрпаққа жеткен тоқсан тарау толғау мен термені әуе толқыны арқылы тыңдармандарға жеткізеді.

Бағдарлама қонағы: Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауларының, «Шабыт» халықаралық фестивалінің жүлдегері, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық екінші ән байқауының Гран-при иегері. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тумасы, түрлі аспаптарды жете меңгерген әнші, толғау орындаушы, өнерінің арқасында Германия, Франция, Түркия секілді елдерге барып, тыңдарманның таңдайын қақтырған, Қасым, Шашубай, Аққыз күйшінің сирек орындалатын толғауларын орындаушы Дәуренбек Әркенов.

"Термелер мен толғаулар" бағдарламасы әр аптаның бейсенбісінде сағат 14:25-те Қазақ радиосының тікелей эфирінде өтеді.   Тікелей эфирдегі 75-72-75 байланыс нөміріне хабарласып, студия қонағына сұрақ қойып, пікір білдіруге болады. Астана қаласының коды 8(717-2).