Жеңіс Ысқақова жастардың ерте отбасын құрғанын қаламайды. Кейінгі толқын алдымен білім алып, кейін өз басын асырай алуы қажет деп есептейді.

Бұл туралы әнші Қазақ радиосындағы «ӘН САЛLIKE» бағдарламасында айтты.

«Менің жастарға айтар кеңесім бар. Егер өздеріңіз өнер жолын таңдадыңыз ба? Әнші боламын деп алдыңызға мақсат қойдыңыз ба? Онда осы мақсатқа жетпейінше,  жанұя құрып қажеті жоқ. Отбасына да уақыт бөлу керек. Жанұя деген көп жауапкершілікті талап етеді. Ер азамат әйел алып, ары қарай жұмысын жалғастыра береді деген мүмкін емес. Оған көңіл бөлу керек. Өз тәртібін орнату қажет»,- дейді әнші.