Халықтың пікірінше әнші болу ең оңай мамандық. Әрі ақшаны да күреп табуға болады.

Бірақ, бұл пікірмен әнші Жеңіс Ысқақова келіспейді. Себебі, өнер иесі әншіге де білім керектігін алға тартады. Сапалы ән жазу үшін өнерпаз сөздің қадірін, поэзияның пайымын түсінуі қажет.

Бұл туралы әнші Қазақ радиосындағы«ӘН САЛLIKE» бағдарламасында айтты.

«Қазіргі әндер мықты музыканттардың өңдеуінің арқасында әдемі ән болып шығады. Егер аранжировканы алып тастасаңыз, ырғақсы тақпақ болып шығады. Тақпақ деп айтудың өзі артық дер едім. Себебі, тақпақтың өзінің ұйқасы бар. Мән мағынасы болады. Қазіргі әндерде белгілі бір дәлел жоқ. Не басы оқ, не аяғы жоқ. Ән менен өлең үйлесіп жаста, онда тыңдарман көңілінен шығады»,- дейді бағдарлама қонағы.