Қазақ радиосы әр күн сайын кешкі 20:40 та балаларға арнап Кешкі ертегі ұсынады.

Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Олар баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеп, олардың таным-түсінігінің артуына ықпалын тигізеді. Қазақ радиосының мұрағатындағы бұл хабарлар ұрпақ үшін қашанда бағалы байлық.

Бүгін "Тұт ағашы мен жібек құрты" ертегісі беріледі.