Төрткүл дүние күтіп отырған футболдан әлем чемпионатына 1 күн қалғанда Испания ұлттық құрамасының бапкері ауысты. Бапкерлік қызметке мадридтік «Реалдың» бұрыңғы ойыншысы Фернандо Йерро тағайындалды. Бұған дейін ол Испания Футбол Федерациясының спорт директоры болған.

Айта кетейік, жаңа бапкер тағайындалмас бұрын, бір күн алдында «Қызыл фурия» жетекшілері Хулен Лопетегидің өз қызметінен кеткені туралы жариялаған болатын. Мұндай шешімнің басты себебі – Лопетегидің ұлттық құрамамен келісімшартын 2020 жылға дейін ұзартқанына қарамастан, мадридтік «Реалмен» жаңа келісімшартқа отыруы. Маманның бұл әдетін Испания басшылығы құп көрмей, жаттықтырушыны өз қызметінен босатты.

Испания журналисі Хосе Мария Гарсия: «Реалдың президенті Флорентино Перес пен Хулен Лопетеги бұл жаңалықтарымен Испанияға сатқындық жасады»,- деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Испания құрамасы 15-ші маусымда Сочи қаласында топтық кезеңдегі алғашқы ойынын Португалия командасына қарсы өткізбек.