Қазақстандықтар шілде айында неше күн демалады?

Сенбі және жексенбі күндерді қоса есептегенде  қазақстандықтар шілде айында он күн демалады.  Жаздың ортасында қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді.

6 шілде – Астана күні. Бұл күн жұмаға сәйкес келіп тұрғандықтан, еліміздің тұрғындары үш күн қатарынан, яғни 6, 7 және 8 шілде күні демалады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 6 және 8 шілдеде демалады.