Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай қалада веложолдардың ашылуы жоспарланғаны туралы тұрғындар мен конақтарды ақпараттандырады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жолдың жалпы ұзындығы 56 шақырым, ол Есіл ауданындағы келесі даңғыл мен көшелер бойынша салынатын болады: Орталық саябақ аумағы, Мәңгілік ел, Қонаев, Достық, Қабанбай батыр, Рысқұлов, Астана-Қарқаралы тас жолында және Талдыкөл көлінен оңтүстік-батысқа қарай Қорғалжын тас жолына дейін.

Жобаға сәйкес веложолдың ені 1,5 – 3 метр құрайтын болады. Жоба облыстар және Астана қаласы әкімдігі күшімен жүзеге асырылады.