«Астанаға 20 жыл!» айдарының бұл санында елорда Астана қаласына ауысқанда ең алғаш салынған қазақ мектебі туралы айтамыз. 1997 жылға дейін Ақмола қаласында бір ғана қазақ мектебі болған. Яғни жүз жылдық тарихы бар нөмірі 4-інші білім ошағы ғана қазақ тілді оқушыларды қабылдаған. Әрине, бір шаһар үшін жалғыз қазақ мектебінің жұмыс істеуі жанды ауыртарлық дүние. Содан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл олқылықтың орнын толтыруды бірден қолға алады. Яғни 1997 жылы Астанадағы Әл-Фараби шағын ауданында 1200 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталып кетеді. Бұл Нөмірі 38-інші мектеп-лицейі болатын. Содан 1999 жылы 1-інші қыркүйекте Елбасы өзі тұсауын кесіп, кілтін салтанатты түрде Жамал Базарқұлқызының қолына үлкен сеніммен табыстайды.

Он бір ай бойы өзім де құрылысшылармен бірге жүрдім. Үш жүзден аса құрылысшы келіп, күндіз-түні тыңбай еңбектеніп мектепті өте сәулетті етіп салып берді. Сол кезде мені салынып жатқан оқу орнының директоры ретінде сайлады. Әрине, Елбасының өзі келіп тұсауын кесетін болғаннан кейін, Алматыдан көшіп келген барлық ведомство өкілдерінің балалары меноқиды деген мақсатпен салынып жатқан мектеп болғаннан кейін жауапкершіліктің жоғары екенін сезіндім. Бұл оқу орнының ашылуы – қазақ балалары үшін үлкен мереке болды. Сондықтан, Астанадағы ең алғашқы салынған ғимараттардың бірі - қасиетті білім шаңырағы №38 қазақ мектеп-лицейі болып қалады.

Ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп-лицей ұжымының мақсаты. Тәуелсіз қазақ елінің бас қаласында бой көтерген ең алғашқы қазақ мектебі ретіндеәр кез үлкен жауапкершілікпен еңбек етеді. Нәтижесінде республика бойынша «Таңдаулы мектеп-», «Көшбасшы мектеп», «Үздік мектеп – 2013» сынды түрлі атақтарды әр жылдары еш қиындықсыз алып келді. Сонымен қатар, Ұлыбританияның BID халықаралық ұйымының сыйлығына ие болды. Оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жеткен жетістіктері туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Балабекова әңгімелеп берді.

№38 мектеп-лицейі Астанадағы ең алғаш салынған қазақ мектебі болғандықтан, білім беру жүйесінде іргелі оқу орны болып табылады. Мысалы, 2017-2018 оқужылының қорытындысы бойынша Астана қаласындағы он алдыңғы қатарлы мектебі ретінде миллион теңге грантын ұтып алды.Ал робототехника енгізілгеніне 2-ақ жыл болады. Сол аз мерзімге қарамастан, қалалық-халықаралық деңгейде жүлделі орындарға ие болдық. Білім мазмұнын жаңарту бойынша біздің білім ордасы 5 жыл қатарынан жетекші деп танылды.