Ерікті, өтеусіз, үнемі әрі тұрақты негізде ғана қанның барлық қауіпсіз қорын қамтамасыз етуге болады.

Қан құюдың арқасында өміріне қауіп төнген қаншама адамдар аман қалады. Алайда, ДДҰ деректері бойынша, көптеген елдерде сапалы әрі қауіпсіз қанмен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі артып келеді. Осыған орай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылға қарай әлемнің барлық елдерінде донорлар арқылы қан қорымен қамтамасыз ету шараларын жетілдіруде.

Бүгін —  дүниежүзі бойынша донор күні. Осыған орай, Шалқар радиосының  "Денсаулық" бағдарламасы"  кезекті санын  донор мәселесіне арнады. Хабарға  "Трансфузиология  ғылыми-өндірістік орталығы"  Донор кадрларын жинақтау бөлімшесінің трансфузиолог-дəрігерлері Зауреш Əлменова мен Əйгерім Сағамбаева қатысып, тыңдарман мен студия сауалына жауап берді.