Қытай халқының 450 миллионнан астамы  миопиядан зардап шегеді. Бұған осы аптада Қытайда жарияланған статистика дәлел.

Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз конференциясында «Бастауыш мектепте шамамен 30%, орта мектепте 60-80% оқушы, ЖОО-да 90% студент миопиядан зардап шегеді», - деп мәлімдеді Пекиндегі біріккен медициналық колледж ауруханасы офтальмологиялық кафедрасының профессоры Цинь Лунь. 

«Миопиядан зардап шегетін балалардың саны Қытайда күрт артуда. Сондай-ақ, осы мәселе қоғамдық денсаулық сақтау саласы алаңдауда»,-деді баспасөз мәслихатында аталған комитеттің лауазымды өкілі Цзяо Yahuey.

«Тиісті ведомстволар 2016 жылы миопияны алдын алу бойынша берген нұсқауларды қатаң тексереді: ол сыныптағы парталар мен тақтаға қойылатын, сондай-ақ компьютер мен тәулігіне оқыту ұзақтығына байланысты талаптарды қамтиды.  Биылдан бастап тиісті органдар бұл мәселеге байланысты мониторингті күшейтпек. Сондай-ақ, бірқатар қалалардағы әртүрлі жастағы оқушылардың көру жағдайын бақылауды арттырады» ,- деді Джао Yahuey.

Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет сейсенбіде миопияның алдын алу және емдеу бойынша жаңа нұсқаулықты шығарды.

Көптеген адамдар миопияға қарсы лазерлі хирургия жасататыны айта келе, Лун Цин 18 жасқа толмаған жағдайда және олардың диоптры екі жыл бойы тұрақты болған жағдайда мұндай операцияға тәуекел етпеуді ескертті.

Дереккөз: xinhuanet.com 新化网