Ақын Жарасбай Әнәсұлы Нұрқан 1937 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының Көктерек ауылында дүниеге келген. Оның қаламынан туған «Қара көздер», «Нұрлы терезе», «Алтын десте», «Арманым менің», «Терең барлау», «Буынсыз бала», "Қызылжар", "Көкжиек, "Замана үні" және басқа да жыр жинақтары оқырман қауымға жақсы таныс.

Сағат 15.10-да Қазақ радиосының эфиріне шығатын бүгінгі «Дәуір үні» хабарынан сіздер публицист, аудармашы, ақын Жарасбай Нұрқанның «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар.