Мәңгі жас әрі қуатты болғыңыз келсе, табиғи өнімдерді қолданып, салауатты өмір салтын ұстанғаныңыз жөн. Тамаққа пайдаланатын өнімдердің дұрыстығынан бөлек, ас ішуге дейінгі және ас ішуден кейінгі іс-әрекеттеріңіз өте маңызды.

Сонымен, ас ішкен соң мына іс әрекеттерден аулақ болғаныңыз жөн:

Жеміс-жидек жемеңіз!
Себебі тамақтанғаннай кейін жемісті тұтынудың кесірінен қыжыл немесе кекірупайда болуы мүмкін.

Суға түспеңіз!
Ас қорыту процесі созылып, ішіңіз ауруы мүмкін.

Темекі шекпеңіз!
Никотин ағзадағы оттегі көлемін азайтып, ағза өздігінше канцерогенді жұтады. Ас ішкен соң темекі шексеңіз, 10 темекі шеккенмен бірдей боласыз.

Серуендеуге шықпаңыз!
Ас ішкен соң 30-40 минут өткен соң ғана серуенге шығуға кеңес береміз. Себебі асыңыз қорытылмай, құсу рефлексі пайда болуы мүмкін.

Спортпен айналыспаңыз!
Бұл жағдайда асқазаныңыз ас қорыту мен спортпен айналысуға күшті бір уақытта жұмсайды. Соның кесірінен асқазаныңыз зардап шегеді.

Көлік жүргізбеңіз!
Ас қорытылып жатқан уақытта, қан асқазанға бөлініп, миды қалыпты жұмысынан айырады. Соның салдарынан ұйқыңыз келіп, жолда ойыңыз бөлінеді.

Шай ішпеңіз!
Шай құрамында ас құрамындағы темірдің қорытылуын 87%-ға азайтатын дубиль қышқылы болғандықтан, анемия, шаршаңқы сезім пайда болады.

Тәтті тағамдар жемеңіз!
Тәтті тағамдар артық салмақтың пайда болуына әкеледі.

Ұйықтамаңыз!
Ішіңіз кеуіп, ұйқыңыз мазасыз болады.

Тісіңізді жумаңыз!
Тіс пастасы құрамындағы қант пен қышқыл қорғансыз тіс эмалін құртады. Тісіңізді ас ішкен соң жарты сағаттан кейін жуған дұрыс.

Ең бастысы, ас ішкенде көңіл күйіңіз көтеріңкі болсын. Кеңесіміз керегіңізге жарасын.

Ақпарат Қазақ Радиосының «Керек дерек» хабарында айтылды.