Мен сенсіз жерге сыймағанмын,
Мен сенсіз жерде қиналармын.

Кеудемде менің жүрегім жоқ,
Мен оны саған сыйлағанмын.

Қайырмасы:

Жаным жаным, маған сенсіз күн бар ма?
Сен қиналма мен қасыңда тұрғанда!
Туылғалы сендей сұлу көрмедім,
Анам мені тек сен үшін туған ба?

Бағым-ау, сені бағаладым,
Басқаға босқа қарамадым.

Жаныңнан сенің кештеу кетсем,
Сағынып ерте ораламын.