"Былтыр мамыр айынан бастап, желтоқсандағы "Айтыс ақтаңгері" атты қорытынды айтысқа дейін бір демалған жоқпыз. Апта сайын елді шарлап, айтысқа қатысып жүрдік", - дейді белгілі айтыскер Әсем Ережеқызы.

Қазіргі айтыстағы жаңалықтар мен өткен жылдың қорытынды туралы айтыскермен сұхбат Қазақ радиосындағы "Қайырлы таң, қазақ елі" бағдарламасында өрбіген болатын. 
"2017 жыл өте ерекше жыл болды. Айтыс өте көп өтті. Бұрын апта сайынғы айтыстарға Жүрсін аға /Жүрсін Ерман - ред./ қатыстырмайтын. Демалып, дайындалуға мұрсат беретін. Ал былтыр әр апта сайын келуімізді өтініп, шақыра беретін болды. Өйткені ақындар жетіспей жатқан еді.